13.10.2023, 16:40

«Сен кімге керексің, Ринат? Жоғалшы!». Зайытов өзін сынағандарға өлең арнады

Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi
Ринат қазақ халқын, өз ар-намысын театр директорының креслосына айырбастаған адам.

Соңғы кезде Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов жиі сынға ілігіп жүр. Ақын әлеуметтік желіде өзін сынаған көпшілікке өлеңмен жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегі парақшасының соңғы жазбасында Ринат Зайытов өзіне жазылған түрлі жағымсыз пікірлерді жинақтапты.

«Сен кімге керексің, Ринат? Жоғалшы! Түріңді көрсем көпке дейін тамақ іше алмаймын», «Ринат, әртіссің ғой. Тыныш қана домбыраңды тартып жүре берсеңші», «Нең бар саясатта?», «Халық арасында ринатшылар бар ма? Ринат қазақ халқын, өз ар-намысын театр директорының креслосына айырбастаған адам», – деген пікірлер мен балағат сөздер көп.

Ақын хейтерлерге төрт жол өлеңмен жауап қайтарды.

Ұға алмаса жан сырымды бұл ортам Кімге өкпелеп, қай пендеге мін артам? Шалбар киіп жүргеннен соң шірімей Келе жатыр мойнымдағы қыл арқан... – деп жазды ол.