WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы хабарлама таратып жатыр. Олардың айтуынша, қаруланған 6 тұтқын Арқалықтағы мекемеден қашып кеткен.
Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
(Фото: stopfake.kz)
Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Еске салайық, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.