$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды тұрғыны жасөспірімді пышақтап қашып кеткен

Екеуі дүкенде кезекке таласып қалған.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде ер адам кәмелетке толмаған баланы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға азық-түлік дүкенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған жасөспірім мен досы кассада кезекте тұрған. Бір кезде дүкенге бір ер адам кіріп, кезексіз төлем жасамақ болыпты Осы кезде кезек күтіп тұрған жасөспірімдер мен ер адам арасында кикілжің шығып, ер адам жасөспірімдердің бірін пышақтап қашып кеткен. 

Қарағанды ​​облысы полиция департаменті ақпаратты растады. ПД бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, күдікті анықталып, ұсталған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы екі жас жігіттің сауда орнында болғанын анықтады. Осы жерде олар мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындап, сол кезде ер адам жігіттердің бірін пышақтап, із-түзсіз жоғалып кеткен. Жәбірленуші емдеу мекемесіне жатқызылды, дейді Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Бейнекамералардың көмегімен полицейлер күдіктінің қайда кеткенін анықтаған. 

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, деді Санжар Әділов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары