Астрахан ауданының 35 жастағы тұрғынының үйінен ірі көлемде кептірілген есірткі заты табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомствоның мәліметінше, күдікті басқа қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Енді Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша заң алдында жауап береді.
Жүргізілген тергеу іс-шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары кептірілген марихуана есірткі затын тауып, тәркіледі.
Сараптама көрсеткендей, алынған заттың салмағы - 8 кг асады.
Анықталғандай, ер адам жұбайы және баласымен бірге тұрады.
Сонымен бірге, оның үйінен оқу-жаттығу гранатасы және пышақ табылып, сараптамаға жіберілді.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз сақтау) және 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп түсіндірді ведомстводан.