$ 523.58  549.71  5.01

Қанат Ислам Мемлекет басшысынан көмек сұрады (ВИДЕО)

2020 жылдан бері қарай түрлі себеппен елімізде кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыра алмай отырмыз.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы Қанат Ислам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы Президентке деген үндеуін Instagram парақшасында жариялаған. 

Ол Президенттен бокс кешін өткізуге қолдау көрсетуін сұрады. 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз, «Қазақ промоушн» промоутерлік компаниясы 2016 жылдан бастап елімізде кәсіпқой бокс кештерін ұйымдастырып келеміз. Сол жылы Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы сынды талантты боксшылар кәсіпқой боксқа қадам басып, алғашқы жекпе-жектерін өткізді. 2020 жылдан бері қарай түрлі себеппен елімізде кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыра алмай отырмыз. Өзіңізге үш-төрт ай бұрын осы мәселеге қолдау көрсетсеңіз деп хат жолдадық, бірақ әлі ешқандай жауап ала алмадық. Біз 16 желтоқсанда Астана қаласында бокс кешін ұйымдастырсақ дейміз. Оған 10 споршы дайындалып жатырмыз. Осы шараны өткізуді өзіңіз тікелей бақылауыңызда ұстап, ұйымдастыруға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары