16.10.2023, 15:00

Павлодарда шұңқыр қазған тұрғын мерт болды

Фото: pixabay
46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады.

Облыстық жедел жәрдем стансасына 15 қазан күні кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекен жайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды. 51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, – деді стансадан. 

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады.