$ 441.66  475.14  4.86

Қайрат Боранбаев тағы 30 млрд теңгені өз еркімен Білім беруді қолдау қорына аударды

Кеше Қ.Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйін мемлекет меншігіне өткізді. Оның алдында 90 млрд теңгеден астам соманы құрайтын активтерді мемлекетке қайтарды.
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Қайрат Боранбаевқа өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында өз еркімен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеді. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат түрінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, - делінген ақпаратта.

Еске салайық, көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын. Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап) деп жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары