$ 486.44  534.31  5.06

Биыл елімізде қыс қалай болады

Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп күтілуде.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазгидромет мамандары ел бойынша қарашадан наурыз айларына дейінгі консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың болжамынша, алдағы қыста Қазақстан аймақтарында салыстырмалы түрде 1-2° жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Синоптиктердің болжамынша, қараша айында жылы және аязды күндердің жиі алмасуы күтіледі. Бір ай ішінде жауын- шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болжанады. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері бұрқасын болуы мүмкін. ҚР аумағы бойынша көктайғақ құбылыстары мен тұман болжанған.

Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында қыс мезгілінің екінші жартысында аязды ауа райы айы болжанған. Ауа температурасы солтүстікте түнгі уақытта -20-27°С, күндіз -8-13°С дейін болады.

Ал елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С дейін болмақ. Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ауа райы жылынады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы күндіз +8+17°С дейін күтілуде. Ал солтүстік жартысында +3+10°С дейін болмақ. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы норма шамасында және нормадан 1° градусқа жоғары болмақ. ҚР қиыр солтүстігінде нормадан 1° төмен болады деп күтілуде.

Мамандар жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда - нормадан көп жауады деп болжауда.

Сондай-ақ, синоптиктер 2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы секілді жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын тіпті одан да көп болады деп болжауда. Суық түскен кезде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады. Қаңтар және ақпан айларында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында және нормадан көп болады. Ал желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтілуде, – деді Қазгидромет. 

Мамандар наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2°-қа жоғары болады деп болжауда. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары