17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көлік ішінен 1971 ж.т., 1981 ж.т., екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған.
Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.