Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Ван Хунинге ілтипат білдіре отырып, оны Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-қытай қатынастары мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті. Бұл ретте ел басшыларының тұрақты кездесулері елеулі рөл атқарды. Өйткені келіссөздер барысында тату көршілік қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін негіз қаланады.
Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық прогресіне және Қытай басшысы жүргізіп отырған тиімді саясаттың нәтижелеріне жоғары баға берді.
Төраға Си Цзиньпиннің көреген, сарабдал саясатының және оның «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасының табысты жүзеге асып жатқанына куә болып отырмыз. Біз, әлбетте, Қытайдың жетістіктеріне қуанамыз. Бүгін Төраға Си Цзиньпин форум қатысушыларына «Егер Қытайда бәрі жақса болса, барлық мемлекет пен халықтар үшін де жайлы болады» деген сөз айтты. Мен бұл пікірмен келісемін. Сіздің еліңіз әлемдегі озық әрі жетекші державаға айналуды көздеген асқақ мұратына батыл қадам басып келеді. Төраға Сидің дана басшылығымен ҚХР Қытай елінің жаңа дәуірлеу кезеңінде және «Адамзаттың ортақ тағдыры» концепциясын ілгерілету ісінде бұдан да керемет жетістіктерге жететініне сенімдімін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.