$ 443.37  474.49  4.83

Түркістанда жол апаты болды: 16 адам ауруханаға жеткізілді

Оқиға бүгін Түркістан қаласындағы көше қиылыстарының бірінде болды.
Фото: ПД баспасөз қызметі
Фото: ПД баспасөз қызметі

Түркістанда болған жол апаты кезінде автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті. Жол апатының салдарынан 16 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға бүгін Түркістан қаласындағы көше қиылыстарының бірінде болды. «Хундай Акцент» автокөлігі №17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті.

Қазір жеңіл көлік жүргізушісі Түркістан қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, 6 адам сынық-сырқат бөліміне жатқызылған. 9 адам дәрігерлерге қаралған соң үйлеріне қайтарылды.

Қазір жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың жағдайы ауыр. Қалғандары сынық сырқат бөлімінде ем қабылдап жатыр, - деді Түркістан қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сапарәлі Әбдиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары