Фильм өткен жылы Qazaqstan телеарнасынан көрсетілген аттас телехикаяның негізінде түсірілген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тарихи фильм 1909-1935 жылдарды, "Алаш-Орда" үкіметі мен Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатұлының өмірінің айтулы кезеңін қамтиды.
Қазірдің өзінде бұл отандық фильмдер ішінде рекорд екені айтылып жатыр, деп мәлімдейді Ulysmedia.kz.
Тикетон сайтында 2023 жылдың 12-15 қазаны аралығында кинотеатрларда көрсетіліп жатқан фильмдердің кассалық түсімі жарияланған.
Бірінші орында “Міржақып. Оян, Қазақ” фильмі тұр. Екінші орынға да отандық комедия жайғасқан.