Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасында.