$ 444.14  477.05  4.85

Түркиялық басылым Бахтиер Зайнутдиновтің тарихи жетістігі туралы жазды

Қазақстанда 25 жастағы бұл баладан көп гол соққан адам жоқ.
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Түріктің Cine1haber.com сайты қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтің рекордына назар аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бешикташтың» қазақстандық жұлдызы Бахтиер Зайнутдинов соғылған голдар саны бойынша өз елінің тарихына енген. 25 жасында 14 гол салған Зайнутдинов Қазақстан тарихындағы үздік бомбардир атанды. Қазақстанда 25 жастағы бұл баладан көп гол соққан адам жоқ, - деп жазды сайт.

Бұған дейін гол саны бойынша Руслан Балтиев рекорд иесі болғанын (13 гол) еске сала кетейік. Бірақ Зайнутдинов футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндиямен болған матчта дубль авторы атанып (2:1), оны басып озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары