20.10.2023, 12:40

Полиция «Түркістан облысында 15 балаға азғындық жасалды» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Фото: pixabay
Ол басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жалғасатынын атап өтті.

Әлеуметтік желіде "Түрксітан облысында балабақша жұмысшысы он бес баланы зорлаған" деген ақпарат тарады. Алайда облыстық полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Балабақша қызметкері бірнеше балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған деп айыпталды

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбековтің мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған.

Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ, – дейді Асылжан Қалдарбеков.

Ол басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жалғасатынын атап өтті.

Бұған қоса Түркістан облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертті.

Сіздерден тек ресми дереккөздерге сену мен сүйенуді сұраймын, – дейді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары.