$ 494.87  520.65  4.91

Несиесін төлей алмаған 12 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсаған

Түрлі қылмыстар жасаған фактілер де болды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, халықтың қарызға белшеден батуы ауыр зардаптарға әкелуде, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпараттық порталы.

Әрине, несиені рәсімдеу кезінде адам оны қайтара ала ма, жоқ па – ойлануы керек, бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендігіне байланысты адамдар алды-артын бағамдай бермейді. Салдарында қарызы көбейіп, оны төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда несие алушылар тек суицид қана емес, түрлі қылмыстар жасаған фактілер де болды. Биыл 12 азамат өз-өзіне қол жұмсады (Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары). Қыркүйек айының соңында осындай фактілердің бірі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды, - деді ол.

Лепеханың дерегінше, несиеден құтылу үшін қажетті ақшаны "табу" мақсатында 40 азамат түрлі қылмыстар жасаған. Атап айтқанда, қарақшылық шабуылдар, тонау және ұрлыққа барғандар көп. Қылмыс жасауына не түрткі болғанына қарамастан олар заң бойынша жауап береді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары