$ 523.58  549.71  5.01

Елімізде енді SIM-картаны тіркеу үшін биометриядан өту міндеттеледі

Осы уақытқа дейін абоненттік нөмірді басқа адамдарға заңсыз бергені үшін жауапкершілік болған жоқ.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шетелдік алаяқтарға SIM-карта тіркеуге көмектескен қазақстандықтарға құқықтық жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Парламентте айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Көптеген адамдар «Ауыстырылатын нөмірлерді бұғаттау жүйесі болса, алаяқтар шетелден қалай қоңырау шала алады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған екі себеп бар. Біріншісі – олар қазақстандық ұялы байланыс компанияларының нөмірлерін пайдалана бастады. Сол баяғы «дроперлер» ақылы түрде электронды SIM-карталарды өз аттарына тіркеп, оны алаяқтарға береді. Осылайша қылмыскерлер WhatsApp қосымшасында тіркеледі. Оны іске қосқан соң, алаяқтар жәбірленушілерге мессенджер арқылы қоңырау шалады, мұндай жағдайда олардың орналасқан жерін анықтау қиындайды, – деп түсіндірді ІІМ өкілі.

ҚазАқпарат жазуынша, осы уақытқа дейін абоненттік нөмірді басқа адамдарға заңсыз бергені үшін жауапкершілік болған жоқ. Бұл іс жүзінде осындай әрекеттерді кедергісіз іске асыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта бұл олқылық жойылуда. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабы (Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу) осындай әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілікті көздейтін 18-тармақпен толықтырылады.

Сондай-ақ бақылау шараларын күшейту үшін Цифрлық даму министрлігі «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына» толықтырулар жобасын әзірледі, оған сәйкес телефон нөмірлерін тіркеу кезінде азаматтар «биометриядан» өтуге міндетті болады. Бұл шара азаматтық жауапкершілікті арттырады және ұялы байланыс қызметтерін пайдалануда тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары