Жәнібек Әлімханұлы америкалық The Ring журналының орта салмақ бойынша рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Рейтингте бұған дейін көш бастап тұрған Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші сатыда тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты.
Тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан алтыншы сатыға көтерілген.
Сонымен, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік деп танылған 10 спортшы мыналар:
1.Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),
2.Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),
3.Эрисланди Лара (Куба),
4.Сергей Деревянченко (Украина),
5.Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания),
6.Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),
7.Элайджа Гарсия (АҚШ),
8.Феликс Кэш (Ұлыбритания),
9.Лиам Смит (Ұлыбритания),
10.Хамза Шираз (Ұлыбритания).