$ 494.87  520.65  4.91

«Құны 24 млрд теңге»: Арқалықта жел электр станциясы салынып жатыр

«Жасыл» станция – 2023-27 жылдарға арналған қаланы кешенді дамыту бағдарламасына енгізілген ең ірі жоба.
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Жоспар бойынша жел электр паркі алдағы желтоқсан айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Арқалықта салынып жатқан жел станциясының қуаты қала мен жақын маңдағы аудандардың қажеттіліктерінен үш есе көп энергия береді, деп жазды Хабар 24.

Арқалық қаласы Аманкелді, Жанкелдин аудандарын қосқан кезде электр энергиясын тұтыну қажеттілігі 16 мегаватты ғана құрайды. Сонда біздің қажеттілігімізден 3 есе артық энергия береді. Мұнда бұл энергия ортақ желіге қосылады да, Қазақстан бойынша қай жерде қажеттілік туындайды, сол жерге өздері таратып тұрады, - деді Арқалық қаласы әкімігің орынбасары Абзал Тәшімов.

«Жасыл» станция – 2023-27 жылдарға арналған қаланы кешенді дамыту бағдарламасына енгізілген ең ірі жоба. Жалпы құны – 24,3 миллиард теңге.

Қазіргі уақытта 10 жел турбинасы орнатылды. Бұдан бөлек, қосалқы станция мен қызметкерлерге арналған ғимараттың құрылысы жүріп жатыр, - деп атап өтті әкімдік.

Жоспар бойынша жел электр паркі алдағы желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Станцияда 20 адам тұрақты жұмыс істейді деп жоспарланған және арадағы келісім бойынша барлығы жергілікті тұрғындар болуы шарт. Мұндағы жел құрылғыларының қуаты – 48 мегаватт. Мамандардың айтуынша, бұл Қостанай облысының оңтүстік өңірін электр энергиямен қамтуға артығымен жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары