$ 442.05  474.14  4.74

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады

Қазан айынан бастап еліміздің кейбір аймақтарында ауа райы күрт өзгереді.
Фото: Жол полициясы басқармасы
Фото: Жол полициясы басқармасы

Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазан айынан бастап еліміздің кейбір аймақтарында ауа райы күрт өзгереді. Ал адамдар өзгерген климаттық факторларға бірден үйренісе алмайды. Ал қырау түскен жолдың өзі өте қауіпті.

Қыс мезгілінің басталуымен жолдағы көлік жүрісі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Жылдамдықты асырмаңыз! Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз!, - дейді полицейлер.

Негізгі сақтық шаралары:

жылдамдық шамамен сағатына 10-15 шақырым;
көлік арасындағы қашықтық 3-4 автокөлік;
көлік жүргізу кезінде телефонға қарамау;
барлық қысқы дөңгелектерді ауыстыру;
ауа райының өзгеруін мұқият қадағалау;
ауа райы нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шықпау.

Қиылыстарда бағдаршамның жасыл түсіне жылдам қозғалу – қысқы уақытта жүргізушілер жіберетін негізгі қателіктердің бірі. Жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасау мен басып озудан аулақ болған жөн, жол бойындағы жаяу жүргіншілерге өте мұқият қарау керек, айналадағы жол жағдайын үнемі бақылауда ұстау қажет, - дейді министрлік мамандары.

Ал жаяу жүргіншілер қыста көлік тез тоқтай алмайтынын есте ұстағандары абзал, сондықтан көшені кесіп өткенде жол бергеніне көз жеткізіп, содан кейін ғана жолдан өту керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары