22.10.2023, 03:30

Қазақ қызы Франциядағы турнирде жеңімпаз атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақ-поляк қарсыластарын 6:0, 6:3 есебімен оңай жеңді.

Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF W25 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ші ракеткалары болып тіркелген Жібек Құламбаева мен Польшаның өкілі Мартина Кубка бүгін соңғы бәсекеде франциялық Ясмин Мансури – бельгиялық Лора Солденмен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақ-поляк қарсыластарын 6:0, 6:3 есебімен оңай жеңді.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында тағы бір ITF додасында үздік шықты.