22.10.2023, 12:30

Ірі компаниядан 33 млн теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

Фото: Pixabay
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында Атырау қаласында іздеуде жүрген 37 жастағы қызылордалықты қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол биыл шілде айында алаяқтық жолмен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген. 

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.