Алматыдағы саябақтардың біріне «Ататүрік» атауы берілмек. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасында жазылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен "Almaty Theatre" ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін, - делінген ұсыныста.
Шешім-жобасы 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.