$ 494.87  520.65  4.91

Әлеуметтік желіде Алматылық бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

Ол Алматы маңында парашютпен секіріп, қобызбен еліміздің ұлттық күйін орындаған.
Фото:  Хабар24
Фото: Хабар24

Алматы тұрғыны Республика күні қарсаңында парашютпен секіріп, жерден 3600 метр биіктікте қобыз тартқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хабар24 телеарнасының хабарлауынша, алматылық ержүрек бойжеткеннің есімі Ляйля Тәжібаева. Ол Алматы маңында парашютпен секіріп, қобызбен еліміздің ұлттық күйін орындаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қобызшы бұл батыл әрекетін Республика күніне арнаған. Сондай-ақ бойжеткен жоспары бойынша орындалған композицияның фонында Қазақстанның көк туын желбіреткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары