$ 443.37  474.49  4.83

Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Фото: https://web.telegram.org/k/#@aqorda_resmi
Фото: https://web.telegram.org/k/#@aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап 

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен 23 қазанда Индонезия, Мексия және Латвия елшілері тағайындалды. 

Президенттің жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Ал мемлекет басшысының Жарлығымен: 

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары