23.10.2023, 12:00

Израиль шабуылынан 18 журналист қаза тапты

Фото: https://www.aa.com.tr/ru
Серрадждың әйелі Шурук әл-Айлех Anadolu агенттігіне күйеуінің Газадағы Тель аль-Хева маңында жасалған әуе соққысынан қаза тапқанын айтты.

7 қазаннан бері Израиль шабуылынан қаза тапқан журналистер саны 18-ге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Anadolu агенттігінің жазуынша, Палестина журналистері одағының жазбаша мәлімдемесінде палестиналық фотожурналист Рушди әл-Саррадждың Израиль шабуылдарынан қаза тапқанын хабарлады. 

Мәлімдемеде Серрадждың өлімінен кейін 7 қазаннан бері Израиль шабуылдары салдарынан қаза тапқан журналистер санының 18-ге жеткені жазылған. 

Серрадждың әйелі Шурук әл-Айлех Anadolu агенттігіне күйеуінің Газадағы Тель аль-Хева маңында жасалған әуе соққысынан қаза тапқанын айтты.