$ 442.05  474.14  4.74

Жаңа министрлік 41 ауылдың ауыз су мәселесін шешпек

Топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба жоспарланған.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жаңадан құрылған ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Қазір ведомство топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. 

«Аталған жоспар аясында 22 мыңнан астам адам тұратын 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген», делінген хабарламада. 

Аталған елдімекендердің 35-і Солтүстік Қазақстан облысында, 3 – і Ақмола облысында, 3 – і Қызылорда облысында орналасқан.

«2025 жылға қарай 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және 52 ауылдық елдімекенді сумен жабдықтауды жақсарту үшін шамамен 1200 км топтық су құбырларын салу жоспарлануда, онда барлығы 55 мыңнан астам адам тұрады»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары