$ 442.05  474.14  4.74

Димаш Құдайберген «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды

Белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерманов «Отан» орденімен марапатталды.
Фото: kudaibergenov.dimash
Фото: kudaibergenov.dimash

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Ақорда мемлекеттік марапатқа ие болған өнер иелерінің тізімін жариялады.

Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхаммед Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке, Димаш Құдайбергенге және күйші Айгүл Үлкенбаеваға берілді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерманов «Отан» орденімен марапатталды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары