21 жастағы спортшы Валерия Шалнованы өлтіріп, зорлау фактісі бойынша материал жинаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Lada.kz сайтының хабарлауынша, олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
21 қазанда сотталушының қорғаушысы соттан жәбірленушілерді қорғау үшін іс туралы ақпаратты БАҚ-та жариялауға тыйым салуды сұрағаны белгілі болды. Бұл өтініш қанағаттандырылмады, прокурор соттың ұстанымын қолдады. Тергеу сатысында да сотталушының қорғаушысы істің егжей-тегжейін көпке жариялауға тыйым салуға тырысты. Бұл туралы зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ айтты.
13 қазанда спортшы Виктория Шалнованың атышулы өліміне қатысты іс сотқа түсті. Оны Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Иниятулла Досетов қарап жатыр.
21 жастағы қыздың мәйіті 2 шілде күні су алатын арнадан табылды. Әуелі "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полицейлер бұл істі алдымен "Қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша, соңында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қайта саралады. Такси жүргізушісі полицияға қылмысты ашуға көмектескен мәліметті айтып берді. Тергеу барысында кейбір полицейлердің аса ауыр қылмысты жасырмақ болғаны белгілі болды. Аталған полиция қызметкерлеріне қатысты жеке іс қозғалды.
Валерия Шалнованы өлтірді деген күдікке оның жігіті ілінген.