$ 498.34  519.72  4.85

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста 2 мыңға жуық бала көз жұмған

1 миллионнан астам бала бас сауғалайтын жер таппай қақтығыс ортасында қалған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Израиль мен ХАМАС арасында қақтығыс басталғалы бері Газа секторында кемінде 2 мың бала қайтыс болды, деп хабаралайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Save the Children қайырымдылық ұйымының дерегінше, Таяу Шығыстағы қақтығыс ушыққалы бері Газа секторында 2 мыңға жуық бала қаза тауып, Иордан өзенінің батыс жағалауында 27 бала көз жұмды. 4,6 мыңға жуық бала зардап шеккен.

Сонымен қатар, аталған ұйым 1 миллионнан астам баланың қақтығыс ортасында қалып, не бас сауғалайтын жер таппай, не қаланы тастап кете алмай отырғанын мәлімдеді. 

Ұйым директоры Джейсон Лидің айтуынша, балалар ересектерге қарағанда әлсіз әрі қорғансыз. 

Тез арада атысты тоқтату туралы ымыраға келу керек. Біз барлық тарапты балалардың өмірін қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауға, ал халықаралық қауымдастықты бұл шараларды белсенді түрде қолдауға шақырамыз. Ерекше күтімді қажет ететін балалардың медициналық көмекті Газадан тыс жерде алуға мүмкіндігі болу керек. Балалардың өмірін қорғаудың жалғыз жолы — зорлық-зомбылықты тоқтату, - деді Джейсон Ли. 

Айта кетейік, 18 қазанда Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасында жасалған соққыдан жүздеген адам қаза тапқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары