$ 441.66  475.14  4.86

Параспортшы Нұрдәулет Жұмағали ел қоржынына бесінші алтынды салды

Бапкері – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Ербол Мерғалиев.
Фото: t.me/sportilinet
Фото: t.me/sportilinet

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Н.Жұмағали SB13 санаты бойынша 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:05.92 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып қиды.

Өзбекстандық Фирдавсбек Мұсабеков екінші, тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов үшінші орынға көтерілді.

Осылайша, қазақстандықтар алтын медаль санын 5-ке жеткізді.

Сонымен қатар батысқазақстандық паратаеквондошы Марьям Сәлімгереева 65 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.

Бапкері – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Ербол Мерғалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары