25.10.2023, 11:30

Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.