Жүлде қоры 2,2 млн еуроға жуықтайтын Базель жарысы 29 қазанда аяқталады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Kazinform мәліметінше, осының алдында Бельгияда Антверпен ATP 250 жарысының жеңімпазы атанған А.Бубликке бұл жолы жеребе жолдас болмады.
Қазақстандық теннисшіге алғашқы айналымда-ақ әлемнің 8-інші, доданың 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш мәрте финалисі, норвегиялық Каспер Руудпен ойнауына тура келді.
Бірінші партия тартысты өрбіп, онда Рууд 7:6 (7:5) есебімен басым түсті. Екінші сетте ол қарқынын үдетті – 6:2.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 14 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. К.Рууд 6 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Каспер Рууд ширек финалға шығу үшін әлемнің 96-ракеткасы, швейцариялық Доминик Штефан Штрикермен таласады.
Жүлде қоры 2,2 млн еуроға жуықтайтын Базель жарысы 29 қазанда аяқталады.
А.Бублик жұптық сында да өнер көрсетеді. Ол франциялық Адриан Маннариномен бірге доданың 4-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винуспен кездеседі.