Құтқарушылар 4 баланың денесін тапты.
Абай облысы, Аягөз қаласында болған өрттен 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абай ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше сағат 11.00-де жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Құтқарушылар 4 баланың денесін тапты. Олар 8 жастағы егіздер мен олардың 3 және 2 жастағы інілері.
Қайғылы оқиға кезінде жедел жәрдем жүргізушісі болып істейтін әкесі жұмыста болған, ал анасы азық-түлік алуға сыртқа шығып кеткен.
Қазір аталған оқиғаға байланысты тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.