Тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін айтты.
26 қазанда Жамбыл облысы аумағында, Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"СТӘЭ" таратқан ақпарат бойынша, сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі шамамен 5 шақырым тереңдікте Айша-Бибі ауылына жақын жерде болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6, магнитудасы – 4,5, – делінген ТЖМ хабарламасында.Сейсмологтар жер сілкінісі Қазақстанда сезілмегенін хабарлады. Алайда тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін алға тартты.