26.10.2023, 17:20

Семей түрмесіндегі өлім: Бірқатар лауазымды тұлға жазаланды

Фото: Pexels

Сондай-ақ аталған ведомство қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын ескертті.

Қылмыстық-атқару комитеті Абай облысындағы түрмеде болған оқиғаға қатысты соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен прокуратура Семейдегі №19 жаза өтеу мекемесінде болған жағдайға тексеру жүргізді. Атап айтқанда, БАҚ және әлеуметтік желілерде есімі көрсетілген түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтардан жауап алынды. Тексеру нәтижесінде айтылған фактілер расталмады, - дейді Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару комитеті.

Ресми сауал жауабында айтылғандай, 5 қазанда Абай облысының №19 қауіпсіздігі аралас қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 2 сотталғанның арасында жанжал болып, бірі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған, деп жазады Kazinform.

Аталған факті бойынша Абай облысы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - дейді комитеттен.

Сондай-ақ аталған ведомство қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын ескертті.