$ 443.37  474.49  4.83

Бас прокуратура: «Бекетаев ел аумағынан шығып кетуге әрекет жасаған кезде ұсталды»

Алайда Бас прокурордың орынбасары Бекетаевтың нақты қай жерде ұсталғанын айтқан жоқ.

 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев ел аумағынан шығып кетуге оқталған кезде ұсталған. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шындалиевтың айтуынша, бұрынғы Әділет министріне қатысты қылмыстық іс мемлекетке ірі көлемде залал келтіру, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалған.

«Бекетаев ел аумағынан шығып кетуге әрекет жасаған кезде ұсталды. Қалған мәліметтер сотқа дейінгі тергеуге байланысты құпия. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етілмейді», – деді Әсет Шындалиев.

Алайда Бас прокурордың орынбасары Бекетаевтың нақты қай жерде ұсталғанын айтқан жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

Ал 23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады. Артынша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары