$ 494.87  520.65  4.91

«Жыланды» кенішінде 6 жұмысшы кен үйіндісіне құлап кетті

Оқиғаның себептері анықталуда.

Фото: kazakhmys_official
Фото: kazakhmys_official

«Қазақмыс» корпорациясы «Жыланды» кенішіндегі жазатайым оқиға туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақмыс» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қазан күні екінші ауысымда «Жыланды» кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген.

«Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады. Салдарынан барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының медициналық орталығына жіберілді. Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық. Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі. Оқиғаның себептері анықталуда», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары