Жалпы, киік – өсімтал мал.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларды аулау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Өзгерістер аң аулау уақытына түзетулер енгізуді көздейді: жануарлардың жынысы мен жасын ескермей, 1 қазаннан 15 қарашаға дейін рұқсат етіледі, деп жазады Ulysmedia.kz.
Еске салайық, бұдан бұрын Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кеткенін мәлімдеген.
Оның дерегінше, 2003 жылы киік саны бар-жоғы 21 мың болды.
Ал 1993 жылы 1 млн 200 мың бас бар еді. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында киік саны 1 млн 900 басқа жетті. Мұның ішіне биылғы көктемгі төлін қоспадық. Жалпы, киік – өсімтал мал. Келесі көктемде санақ өтеді. Бірақ қазірдің өзінде ең төменгі 30 пайыздық болжамды алғанның өзінде бүгінде 600 мың бас киік қосылып отыр. Бүгінде киік саны 2 млн 600 мыңның үстінде болады, - деді ол.