Мен қарапайым қазақстандықпын, жоғарғы жақта таныстарым жоқ.
Алматыда жекеменшік мектепте 7 жастағы оқушының зорлануына қатысты баланың анасы тағы бір мәлімдеме жасады. Ол еліміздің Ішкі істер министрі мен Бас прокурорына жүгінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мен – 1 сыныпқа барған бойда бір аптадан кейін Алматыдағы халықаралық мектепте зорлық көрген баланың анасымын. Бір айдан аса уақыт өтті, қылмыскер әлі табылған жоқ. Себебі неде? Тергеу нашар жұмыс істеп жатыр ма, әлде халықаралық мектеп біздің еліміздің заңдарына бағынбай ма?, - деді алматылық әйел.
Айтуынша, психологтер баласын психиатрларға көрсетуге кеңес берген, деп жазады Kazinform.
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, бас прокурор Берік Асыловқа жүгінемін. Мен мемлекеттік органдарға жазған сауалыма әлі жауап ала алмағандықтан, бұл өтінішті өздеріңізге жолдауға мәжбүрмін, - дейді баланың анасы.
Сонымен қатар ол қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен таныс екенін жетікізді.
Ұлымның денесінде жаралар мен тыртықтар болды. Бұл диагнозды балалар проктологы қойған. Енді сол жаралар құрт пен іш қатудан болған зақым депті. Баламның шалбарын да құрт жыртып тастаған болып тұр ғой. Мен қарапайым қазақстандықпын, жоғарғы жақта таныстарым жоқ. Шынында да әділ тергеу болмай ма?, - деді баланың анасы.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 3-1-бөлігі бойынша тергеп жатқанын хабарлады.
Комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізілді. Оның қорытындысы алынды. Сонымен қатар, істің объектив мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу қосымша сараптамалық зерттеу тағайындады. Алайда азаматша П. ұлына сараптама жасағысы келмеуіне байланысты жүргізу мүмкін болмады. Соталды тергеу ІІМ мен ПД басшылығының бақылауында, - деп атап өтті ведомстводан.