$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында өртеніп кеткен бір үйдің төрт баласына қатысты тергеу басталды

Сараптама тағайындалды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Аягөзде бір үйдің төрт баласының қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 25 қазанда 11:00 шамасында болды. Үйден өрт шығып, бөлмелердің бірінде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрттің жалпы ауданы – 20 шаршы метр. Өрт сөндірушілер төрт баланың денесін тапты.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, кәмелетке толмағандардың абайсызда өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сараптама тағайындалды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары