Сараптама тағайындалды.
Аягөзде бір үйдің төрт баласының қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға 25 қазанда 11:00 шамасында болды. Үйден өрт шығып, бөлмелердің бірінде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрттің жалпы ауданы – 20 шаршы метр. Өрт сөндірушілер төрт баланың денесін тапты.
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, кәмелетке толмағандардың абайсызда өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сараптама тағайындалды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.