Елімізде 270-тен астам мемлекеттік музей бар.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі музейге келушілер саны артқанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова айтуынша, былтыр мұражайларды аралауға 6 миллион адам келген.
Елімізде 270-тен астам мемлекеттік музей бар. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасын лайықты іске асыруға өз үлесін қосып келеді... Былтыр еліміз бойынша музейге келушілер саны 6 миллионға жуықтады. Бұл еліміздің мәдени құндылықтарына деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанының нышаны деп білеміз, - деді ол елордада өтіп жатқан музей қызметкерлерінің І конгресінде.
Айта кетейік, Астанада мемлекеттік органдар өкілдерінің, депутаттардың, отандық және шетелдік ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, музей қызметкерлерінің және еліміздің барлық өңірлерінен келген жас зерттеушілердің қатысуымен Қазақстанның музей қызметкерлерінің I конгресі өтіп жатыр.