$ 494.87  520.65  4.91

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының ұсынысы ел игілігіне айналды

Құжат иегерлері Қазақстанға кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Биылғы 1 шілдеден бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтарға "Ата жолы" картасы беріле бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл құжаттың иегерлері Қазақстанға кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады. Бір ерекшелігі – басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және қандастарымен тең құқыққа ие болады.

"Ата жолы" картасы – этникалық қазақтарға елімізде бизнес-кейстерін іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат. Карта иелеріне республика аумағында азаматтықтарын сақтай отырып, 10 жылғы дейін тұрақты тұруға рұқсат беріледі.

Ережеге сәйкес "Ата жолы" картасы үш санаттың біріне сәйкес келетін шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін ұсынылады:

ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің болуы;

үміткердің Қазақстанда талап етілетін кәсіптерге ие болуы;

тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы керек.

Бұл құжатты "Құтты мекен" мобильді қосымшасынан өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну арқылы алуға болады.

Тіркелгеннен кейін өтінім бес жұмыс күні ішінде қаралады. Содан кейін әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы орган сол қосымша арқылы алушыны құжаттың ұсынылғаны туралы хабардар етеді.

"Ата жолы" картасын алғаннан кейін этникалық қазақ виза алу үшін ҚР сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемесіне (консулдық не елшілік) жүгіне алады. Тұратын елінде Қазақстанға визасыз режим болса көшіп келушілердің келуі мен болуының қазақстандық тәртібіне сәйкес бірден елге келе алады.

Келгеннен кейін "Ата жолы" картасының иегері ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхатты рәсімдеу үшін аумақтық ішкі істер органдарына жүгінуге тиіс.

Карта алынған санатқа байланысты этникалық қазақ не жұмыс берушімен шартқа қол қояды және оны "еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде" тіркейді, не өзінің бизнес-жоспарын жүзеге асыруға кіріседі.

"Ата жолы" картасының иегерлерінің этникалық қазақтардан басты айырмашылығы бар. Олар басқа елдің азаматы болып қала отырып, азаматтар мен қандастар сияқты құқықтарға ие болады.

Мәселен, оларға Қазақстан заңнамасына сәйкес келесі құқықтар:

жұмысқа орналасу құқығы;

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы,

медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік төлемдер жүргізу және қызмет алу;

тегін орта білім алу;

Мемлекеттік мекемелерде тегін арнаулы орта немесе жоғары білім алу конкурсына қатысу немесе жеке оқу орындарында ақылы оқу.

Бұдан басқа, "Ата жолы" картасының иелері Қазақстан азаматтығын оңайлатылған тәртіппен ала алады.

"Ата жолы" картасы бар адамдардың ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқығы жоқ, республикалық референдумға қатыса алмайды және мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары