$ 440.92  475.36  4.82

Ермұрат Бәпи: «АрселорМиттал Теміртауды» кімге береміз деп, ырғалып-жырғалып жүргенде кезекті апат болды

Қарағанды кеншілерінің баудай қырылуына жол берген, жеке есебіне түсер миллиардтар қуып кеткен Митталдан "Қарметті" қайтарып алуға не кедергі?

Фото: Orda.kz
Фото: Orda.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қарағанды шахтасында қаза тапқандар 40 адамға жетуі мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауымен Митталдың жеке меншігіне берілген «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасындағы апаттан 200-ден астам кенші жер астында қалды деген хабар келді. Оқиға басында құтқару операциясымен айналысып жүрген жігіттердің хабарына қарағанда, өрттің арғы жағында, терең кенжарда қалған 30-ға жуық адамды құтқару мүмкіндігі азайған сияқты, - деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Қазақстан металлургиясының флагманы аталған "Қарметкомбинатты" Митталдың меншігінен кері қайтарып алу мәселесі осыдан бірер ай бұрын – кезекті адамдар өліміне әкелген апаттан кейін қозғалған.

Міне, Парламент Мәжілісінде біраз депутат көтерген осы талапқа Үкімет атүсті қарап, «АрселорМиттал Теміртауды» кімге береміз деп, ырғалып-жырғалып жүргенде кезекті апат болды. Әлихан Смайылов мырза (Премьер-Министр Ә. Смайылов – ред.), техника қауіпсіздігін қаперсіз қалдырып, Қарағанды кеншілерінің баудай қырылуына жол берген, жеке есебіне түсер миллиардтар қуып кеткен Митталдан "Қарметті" қайтарып алуға не кедергі? Сіз әлі күнге дейін "ескі Қазақстан" жаққа елеңдеуді қойып, Қазақстан халқына қарай қашан бас бұрасыз? "Аманат" партиясының Парламенттегі фракциясы сайлауда жеңіп шыққан партия ретінде 8-ші шақырылымның алғашқы сессиясында "аманаттықтар" ұсынған Премьер-министрден "Карметтің" меншік иесін жедел өзгерту процессін бастауды талап етуді сұраймын, - деді Е. Бапи.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 57
Ұнамайды 4
Күлкілі 4
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары