Ол әзірге барлық төлемді өтеу "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына жүктелетінін қоса айтты.
2023 жылғы 28 қазан күні Костенко шахтасында болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрдің сөзінше, қаза тапқан азаматтардың отбасына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады.
Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова
Ол әзірге барлық төлемді өтеу "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына жүктелетінін қоса айтты.
Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс, – деді Светлана Жақыпова.