$ 441.66  475.14  4.86

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды

Олар 36 кг гашиш және 12 кг марихуана сатпақ болған.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау және сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті. 2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 кг гашиш және 12 кг марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды, - делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары