$ 441.58  480  4.86

Ақтөбе көшелерін су басты

Су сорғылау жұмыстарына 50 арнайы техника бөлінген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбеде кеше алғашқы қар жауып, арты жаңбырға ұласты. Қалада толассыз жауған қар мен жаңбырдан кейін көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Inbusiness.kz жазуынша, жауын-шашынның кесірінен қала көшелерін су басып, тұрғындар әбігерге түсіп жатыр. Әсіресе, қаланың Батыс-2 деген ауданында тұратындардан шағым көп. Астана ауданына қарайтын Мұстафа Шоқай көшесінде су көшеге жайылып кеткен.

Мұстафа Шоқай көшесінің бойындағы суағарларды белгісіз біреулер құрылыс материалдарының қалдығымен, қоқыстарымен бітеп кеткен. Қазір оның бәрін тазарттық, ассенизаторлар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындардан арықтарға қоқыс тастамауын сұраймыз.
Қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болат Серіков.

Қазір қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Су сорғылау жұмыстарына 50 арнайы техника бөлінген. Жауын-шашын үдей түссе, әкімдік кезекшілікке шығатын техника санын тағы да ұлғайтпақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары