$ 494.87  520.65  4.91

ТЖМ: Қаза тапқан 42 адамның денесі табылды

4 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, Костенко шахтасындағы апатта 42 адамның қаза тапқан денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсу жұмыстарын жүргізді. Өрт және кеншілердің қаза болған жерлерін тексеру жүргізілді.

Аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіруде. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталуда. 

Іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізілуде.

Тау-кен құтқарушылары қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Газ жағдайын бақылау жалғасуда.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 тау-кен құтқарушысы және 15 техникасы жұмылдырылды. 

Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылды.

Бұдан басқа, ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖД-да республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді. 

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 қаза тапқан адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары