$ 494.87  520.65  4.91

«Аман-есен үйге оралу – үлкен жеңіс»: ТЖ кезінде құтқарушылар туралы не білеміз

Үлкен мекемеде, түрғын үйде аяқасты өрт шығып, кей жерді топан су басса да бұл мамандық иелері апат аймағына бірінші жүгіреді. «Өзім өліп кетемін-ау, өзіме қауіп төнеді ғой» деп еш қауіптенбейді. Өйткені олар ержүрек әрі батыл.

 

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Басқа мамандық иелері 8 сағат еңбек етіп демалса, бұл мамандық иелері жұмыс кестесіне, тіпті демалысқа қарамайды. Өзгені ажалдан аралашап қалу үшін өз өміріне қауіп төнсе де көзсіз ерлікке барады. Себебі олар төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқаруға  әбден машықтанған.

Талай рет арнайы оқу-жаттығуларынан өтіп, кез келген қауіпке сай болуға, қиындыққа қарсы тұруға дағдыланған. «Кезекшілігім бітті, енді алаңсыз демала берсем болады» демейді. Қай уақытта кімге көмек керек болса да білек сыбанып, көмектесуге ұмтылады.

Үлкен мекемеде, түрғын үйде аяқасты өрт шығып, кей жерді топан су басса да бұл мамандық иелері апат аймағына бірінші жүгіреді. «Өзім өліп кетемін-ау, өзіме қауіп төнеді ғой» деп еш қауіптенбейді. Өйткені олар ержүрек әрі батыл.

Мамандығына адалдық пен қоғамға пайдалы іс қылуды басты орынға қояды. Ал біз төтенше жағдайлар саласында жұмыс істейтіндер туралы не білеміз? ТЖ қызметкерлерінің жұмыс барысында қандай қиындықтар кездеседі?

Біз төтенше жағдай қызметі, құтқарушылардың жұмыс барысында кездесетін қызығы мен қиындығы туралы 18 жыл бойы Өрт сөндіруші-құтқарушы болып жұмыс істеген Болат Құдербековтен сұрап көрдік. Тәжірибелі маманның сөзінше, бұл салада ең бастысы – өзі туралы ойламау керек.

Кәсібінің қиындықтары мен кедергілеріне қарамастан оны отбасы қолдайды.

Осы уақытқа дейін талай адамды өлімнен құтқарып қалған Болат Құдербековтен Ақсу ауданында орналасқан «Жетісу облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 6 өрт сөндіру бөлімінде 22 әріптесімен жұмыс істейді. Олар тұрғын үй секторында, далада да болып жатқан өрттерге барып, жол-көлік және өзге де оқиғалар кезінде көмек көрсетеді. Болат Қүдебековтің өзі мұны күнделікті өмір деп атайды. Алайда саны аз бірақ өте тығыз және кәсіби командасындағы құтқарушылар талай адамның өмірін сақтап қалған.

Биыл маусым айында Абай облысын болған алапат орман өрті құтқарушылардың мамандығына қаншалықты адал екенін тексерді. Табандылығы мен ерік-жігерін, қиындыққа қарсы тұра білу машығын айқын көрсетті. Сол кезде қызыл жалын шарпыған аумаққа Жетісу облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары алғашқылардың бірі болып көмектесу үшін жетіп барды. 28 маманнан тұратын осы топтың құрамында Болат Құдербековте қызыл жалынды ауыздықтау үшін күресті.

Әрине, алғашқы екі күнде қиындықтар болды. Бұрын мұндай үлкен ормандарда жұмыс істеп көрмеппін. Біз тіпті, облысымыздың аумағында да жолда көрген қалың каустикалық түтін жұмысын қиындатты. Бірақ үйлесімділік пен ортақ күш-жігердің арқасында біз өзімізге сеніп тапсырылған учаскелерде алдымызға қойылған міндеттерді шешіп, он күннен кейін қауіп артта қалып, үйге аман-есен оралдық. Бұл біз үшін үлкен жеңіс, - дейді өрт сөндіруші Б. Құдербеков.

Әлбетте, құтқарушылардың ерен еңбегі ешқашан елеусіз қалған емес. Қас-қағым сәтте өмірін бәске тігіп, тілсіз жаумен күресетін бұл мамандық иелері әрдайым жоғары марапат пен құрметке лайық. Сондықтан да  әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен жанқиярлығы үшін азаматтық қорғау аға сержанты Болат Құдербеков «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Астанада оған «Құрмет» белгісі салтанатты түрде табысталды. Көпшіліктің алғысына бөленді.

Бірақ ол марапат маңызды емес, ең бастысы адамдардың амандығы, елдің амандығы, команда болып өрт  ошағын жоюымыз деп есептейді.

Ол өз кәсібіндегі әріптестерінің ерекше бауырластығына көріп, «өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, өздерін ойламай, әрқашан көмекке дайын» дейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары